• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Наурыз, 2023

Нью-Делиде G20 Сыртқы істер министрлерінің саммиті өтеді

390 рет
көрсетілді

Дели қаласында G20 Сыртқы істер министрлерінің саммиті өтеді. Саммиттің басты тақырыбы - Украинадағы соғыс және соғыстың тұтас әлемге әсері, деп хабарлайды Egemen.kz BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Әлемнің жетекші елдерінің Сыртқы істер министрлері Делиде екі күндік G20 саммитіне жиналады. 

Дипломаттар Еуропадағы соғыстың әлемге әсерін және кедей немесе дамушы елдерге қандай қиындықтар алып келуі мүмкін екенін талқылайды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстандағы сапарынан кейін Нью-Делиге барды. Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров та қазір Делиде.

Үндістанның шақыруы бойынша кездесуге G20 құрамына кірмейтін жиырма елдің өкілдері де қатысады. Алайда бұл тізімде Украина жоқ.

Саммитте жаһандық экономикалық өсу, инфляция және энергия мен азық-түлік мәселелері қаралады.