МҮДДЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ
Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласында 1-5 маусым аралығында екі ірі халықаралық іс-шара болып өтеді: ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қауіпсіздік органдары және арнайы қызметтері басшылары кеңесінің 28-ші мәжілісі және Терроризммен күрес мәселелері жөніндегі дүние жүзі елдері арнайы қызметтері, қауіпсіздік органдары және құқық қорғау органдары басшыларының 9-шы кеңесі.
Форумға қатысушылар халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мүддесінде өзара әрекеттесудің көкейкесті мәселелерін кең ауқымда талқылайтын болады.
Біздің еліміз тарапынан осы кеңестердің жұмысына ҰҚК төрағасы, генерал-лейтенант Әділ Шаяхметов басқарған ҰҚК делегациясы қатысады, деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі.