• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Наурыз, 2023

Ақтауда IT-хаб ашылмақ

254 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында цифрлық технологияға өту лебі әр саладан аңғарылып келеді. Жақсы істердің жалғасындай биыл Ақтауда Маңғыстау облысы әкімдігі мен инвесторлар бірлесіп, IT-хаб ашуды жоспарланып отыр. IT-хаб құру облыстағы цифрландыру деңгейін арттырып, ақпараттық-коммуникациялық өнімдерді әзірлеуге көмектеседі.

2020-2022 жылдар аралығында «250+» бағдарламасына енгізілген 18 ауылдық елді мекенде талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша интернет және 4G мобильді интернет пайдалануға толық берілген. Нәтижесінде Тәжен, Құланды, Сенек, Онды, Жыңғылды, Тұщықұдық, Шайыр, Шебір, Ақшымырау, Қызан, Батыр ауылдары кеңжолақты интернетке қосылды. Бүгінде Ақтау мен Жаңаөзен қаласын есептемегенде, облыста ұялы байланыс операторларының 174 базалық стансасы жұмыс істейді. Сондай-ақ қоғамдық көліктер де кезең-кезеңімен цифрландыру жүйесіне өтіп жатыр. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес жолаушылардың басым бөлігі жолақысын электронды түрде төлеген, яғни жолаушылар ыңғайлы және ашық төлем жүйелерін жасай алады және автобустардың маршрутын электронды түрде бақылауға болады.

«IT-мамандарды оқытып, жаңа жобалар мен стартаптарды жүзеге асыру үшін гранттар бөліп, жаңа жұмыс орындарын құру көзделіп отыр. Түпкі нәтиже – нарыққа сапалы ІТ-мамандарды даярлап, өңірдегі цифрландыруды жоғары деңгейге жеткізу. Бұл саланың дамуы Маңғыстаудың стартапшыларына инвес­тиция тартуға, өнімдерін халықаралық деңгейге шығаруға пайдалы болмақ»,  дейді Маңғыстау облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Айдын Хадиев.

 

Маңғыстау облысы