• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Наурыз, 2023

TikTok балалардың желідегі уақытына шектеу қояды

572 рет
көрсетілді

Енді TikTok желісі балалардың әлеуметтік желіде өткізетін уақытын шектей алады, деп хабарлайды Egemen.kz компания блогына сілтеме жасап.

Алдағы уақытта TikTok-та 18 жасқа толмаған пайдаланушылар үшін күнделікті 60 минуттық лимит белгіленеді. Бір сағаттан кейін әлеуметтік желіні пайдалануды жалғастыру үшін рұқсат кодын енгізу қажет болады.

Егер пайдаланушы 13 жасқа толмаған болса, онда TikTok-ты бір сағаттан артық пайдалану үшін ата-ана рұқсат кодын енгізуі керек. Кодты енгізгеннен кейін әлеуметтік желі әкімшілігі қосымша 30 минут береді.

«Экран уақытын пайдаланудың мақұлданған шектеуі жоқ болғандықтан, біз қазіргі академиялық зерттеулермен танысып, Бостон балалар ауруханасының цифрлық денсаулық зертханасының сарапшыларымен кеңескен едік», деп жазды компания әкімшілігі.