• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Наурыз, 2023

Семіздікке шалдыққан балалар саны көбейіп барады

384 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік «Семіздікке қарсы федерация» тиісті шаралар қабылданбаса, 2035 жылға қарай әлем халқының жартысынан астамы артық салмақтан зардап шегетінін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2035 жылға қарай артық салмағы бар адамдардың саны 4 миллиардтан асып кетуі мүмкін. Қазіргі кезде, әсіресе, балалар арасындағы көрсеткіштер тез өсіп жатыр», дейді федерация.

Ең үлкен өсім Африка мен Азия елдерінде байқалады.

Федерация президенті, профессор Луиза Баур баяндамасында балалар мен жасөспірімдер арасындағы семіздік көрсеткішінің жылдам өсіп жатқанын айтты. Мәселен былтырғы көрсеткіш 2020 жылғы көрсеткіштен екі есе артқан.

«Бұл алаңдатарлық жағдай. Оның алдын алу үшін барлығын істеу керек», деді профессор Л. Баур. 

Федерация мәліметінше, артық салмақты адамдар табысы төмен елдерде көп.