Қазақстан қор биржасының мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 4,52 теңгеге төмендеп, 431,08 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақша айырбастау орындарында доллар 432-436 теңге, еуро 460-465 теңге, ресей рублі 5,65-5,9 теңге аралығында сатылып жатыр.
Айта кетейік, Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да 0,8 теңгеге түсіп, 62,46 теңгені құрады.
Еуро мен рубль бойынша сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк белгілеген – 462,88 теңге, рубль – 5,78 теңге.