• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
25 Маусым, 2014

Бірлесе қызмет етеді

314 рет
көрсетілді

Кеше Бас прокуратурада Бас прокурор Асхат Дауылбаев пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен кеңес өтті. Онда былтырғы жылдың ая­ғында Бас прокуратура мен Кәсіп­керлер палатасының арасында қол қойылған Ынтымақ­тас­тық жөніндегі меморандум шеңберіндегі бірлескен жұмыс­­тың алғашқы нәтижелері қорытын­дыланып, одан әрі өзара әрекет­тесудің басым бағыттары талқыланды. Асхат Дауылбаев өзара келі­сім мен прокуратура орган­дары­ның күш-жігері бизнес қауым­дастықпен бірігуі арқасында кәсіпкерліктің дамуы және әрі қарай өрістей түсудегі маңыздылығын атап өтті. Мұндағы басты мақсат – кәсіпкерлік бастамашылықты жү­зеге асыру үшін халықты қо­лай­лы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлармен қам­тамасыз ету. Бұл жұмыс нәтижесін де беруде. Мемлекет басшысының кәсіп­кер­лікті барынша қолдау, негіз­сіз тек­серулерді қысқарту және мемлекеттік органдардың бақы­лау-қадағалау қызметін оңтай­ландыру жөніндегі тап­сырма­ларын тиімді жүзеге асыру осы салада шынайы тәртіпті қал­пы­­на келтіруге, бизнеске әкім­ші­лік қы­сымды айтарлықтай төмен­де­туге мүм­кіндік берді. Тимур Құлыбаевтың пікі­рін­­ше, мемлекет барлық кезде адал ниетті және заңға құлықты кәсіп­керлердің құқықтарын қорғауы қажет. Ұлттық кәсіпкерлер пала­та­сы­ның міндеті – кәсіп­кер­лерге өз қыз­­меттерін құ­қық­тық шеңберде жүзе­ге асы­руға, заңдарды орындау және тұтынушыларды сый­лауға кө­мек көрсету болып табы­лады. Ол кә­сіпкерлердің тау­ар­лары мен қыз­мет­терінің қауіп­­сіз­дігі мен сапасына, қоғам алдын­дағы жауап­кер­шілігін се­зі­нуге негізделген кәсіпкерлік мә­дениетін енгізу қажет екенін атап өтті. Ал Мемлекет басшысы ата­ған шағын және орта кә­сіпкер­лік субъектілерін тексеруге мора­торийді жүзеге асы­ру мәселелері прокуратура органдарының ерекше бақы­лауында тұр. Осыған орай Бас Прокурордың орын­­ба­сары Андрей Крав­чен­ко тыйым салудың бұл­жыт­пай орында­луына тиісті қа­да­ғалауды қам­та­масыз ету­дің маңыздылығын атап өтті, сондықтан, кәсіп­кер­лік субъек­тілерін олар­ға көр­сеті­ліп отырған мем­ле­кет­тік қол­дау­дың мақсаттары мен міндет­терін дұрыс түсінуге ша­қыр­ды, деп хабарлады Бас про­ку­ра­тураның баспасөз қызметі.