ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси париждіктердің келісімшартты ұзарту туралы алғашқы ұсынысын қабылдамады, деп хабарлайды Egemen.kz Tengri Sport сайтына сілтеме жасап.
Дереккөздің хабарлауынша, 2022 жылғы әлем чемпионатына дейін тараптар жаңа келісім шартқа отырған. Бірақ қазір ойыншы ұсынылған жалақыға қанағаттанбайды.
«ПСЖ» аргентиналыққа fair play қаржылық мәселелерін болдырмау үшін төмен жалақы ұсынған.
Осы маусымда форвард барлық турнирлерде ПСЖ үшін 28 матч өткізіп, 17 гол соғып, 16 нәтижелі пас берген.
4 ақпанда ПСЖ Бавария Чемпиондар лигасының 1/8 финалының бірінші матчында 0-1 есебімен жеңіліп қалды. Аргентиналық барлық 90 минутты алаңда өткізді. Жауапты кездесуі 9 наурыз күні Астана уақыты бойынша сағат 02.00-де өтеді.
Мессидің клубпен келісімі осы маусымның соңына дейін есептелген.