• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 04 Наурыз, 2023

Назарбаев университеті қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті

409 рет
көрсетілді

Ә. Смайылов Назарбаев университетінің жоспарларын талқылады. Онда ұйым қызметінің былтырғы қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңесте университеттің ғылыми қызметті кеңейтуді жалғастырып жатқаны, атап айтқанда, кейінгі бірнеше жылда ғылыми-зерттеу жобаларының саны 146-дан 366-ға дейін өскені айтылды. Сонымен қатар ЖОО тақырыптық конференциялар мен кәсіби даму бағдарламалары арқылы республиканың басқа жоғары оқу орындарымен тәжірибе алмасу бойынша жұмыс жүргізеді.

Назарбаев университетінің тағы бір ауқымды жобасы ондағы Медицина мектебінің Астана фармацевтикалық кластерін дамытуға қатысуы болып отыр, бұл Мемлекет басшысының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар нарығындағы отандық өндірушілердің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде іске асырылып жатыр. Сонымен қатар UMC университеттік медициналық орталығының базасында бірқатар күрделі хирургиялық операциялар жүргізіліп келеді, олардың кейбіреуі Қазақстанда алғаш рет жүзеге асырылып отыр.

Үкімет басшысына инновацияларды дамыту және ғылымды өндіріске енгізу бөлігіндегі ЖОО қызметі туралы баяндалды. Мәселен, 2022 жылы университет ғалымдары патенттер, коммерцияландыруға халықаралық гранттар жеңіп алды. Мысалы, аутизмге қарсы күресте роботтарды пайдалану жобасы республиканың 22 оңалту орталығында жүзеге асырылды.

Премьер-министр ЖОО-ға ғылыми-зерттеу қызметін, оны коммерцияландыруды одан әрі нығайту қажет екенін, сондықтан отандық қолданбалы әзірлемелер әртүрлі салада жиі қолданылатынын айтты.