• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Наурыз, 2023

Талғарлық әйел қызын наркодиспансерге жатқызу үшін екі ер адамды жалдаған

4031 рет
көрсетілді

Екі ер адам 1986 жылы туған әйелдің пәтеріне заңсыз кіріп, физикалық күш көрсетіп, ұрлап әкеткен. Оны Алматыға әкеліп, зорлықпен наркологиялық клиникаға жатқызған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2023 жылғы 27 ақпанда Талғар ауданының полиция басқармасына 1986 жылы туған әйел пәтеріне заңсыз кіріп, физикалық күш көрсетіп, ұрлап әкеткен. Алматыға әкеліп, зорлықпен наркологиялық клиникаға жатқызған бейтаныс адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арыз түсірді», деді Талғар полиция басқармасы.

Талғар ауданы полициясының алдын ала мәліметі бойынша, бұған зардап шеккен әйелдің анасы тапсырыс берген.

«Тергеудің нәтижесінде жоғарыда аталған әйелдің анасы күдікті ретінде анықталды. С. есімді қызын мәжбүрлеп емдемек болып, оны медициналық мекемеге жеткізу үшін екі ер адамды жалдады» деді Талғар полиция басқармасы.

Бұл іс Талғар полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы 2-бөлігі «Адам ұрлау» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. 

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.