Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу елдің оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 46 мыңға жақындағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz TRT-ға сілтеме жасап.
«Құрбан болғандар саны 45 968-ге дейін жетті. Оның 4267-сі - Сирия азаматтары», деді түрік министрі.
Ол алғашқы жер сілкінісінен бері 13 мыңнан аса қайталама дүмпу болғанын айтты.
Министрдің сөзінше, 26 300 ғимарат опырылған, бұл ғимараттардың барлығында дерлік іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілген.Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісі болды.