• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Наурыз, 2023

Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

406 рет
көрсетілді

5-7 наурыз аралығында Алматыдағы Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына таяу күндері көшкін қаупіне байланысты тауға шықпауға кеңес берді.

«5-7 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні болуы мүмкін. Осыған байланысты қар көшкінін туғызбау үшін қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды, тауға шығудан бас тартқан дұрыс», делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.