19 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дауыс берушілер өз сайлау учаскесін sailau.gov.kz/#info сайтынан біле алады.
Ол үшін сайлаушы сайтқа кіріп, тұратын аймағы мен ЖСН нөмірін енгізуі қажет. Содан кейін сайлау учаскесі туралы толық ақпарат шығады. Егер сайлау учаскесі шықпаса, дауыс берушіге қайда хабарласу керегі туралы ақпарат беріледі.
Ал Астана қаласы тұрғындары sailau.astana.kz сайтының қызметі мен арнайы телеграм ботты да (@sailau_astana_bot) пайдалана алады.
Телеграм бот ЖСН-ді енгізгеннен кейін сайлау учаскесінің мекенжайы мен сайлауға түсіп жатқан мәжіліс және мәслихат депуттаттарының тізімін жібереді.