• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Экспорт 07 Наурыз, 2023

Қазақстанда гүл экспорты 10,1% өсті

379 рет
көрсетілді

2022 жылы елімізде кесілген гүлдер мен бүршіктердің саудасы 48,8 миллион долларды құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 9,7%-ға жоғары. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 

2022 жылы Қазақстанның гүл экспорты 10,1%-ға өсіп, 2,7 млн ​​долларды құрады.

Қазақстан гүлдердің келесі түрлерін экспорттайды:

Раушан гүлдері – 2,2 млн доллар (80,6% үлеспен),Гүл шоқтарын жасауға немесе сәндік мақсаттарға жарамды басқа да жаңа гүлдер мен бүршіктер – 220,2 мың доллар (8,2%),Хризантемалар – 169,4 мың доллар (6,3%),Қалампыр - 111,8 мың доллар (4,2%),Лалагүлдер - 10,4 мың доллар (0,4%),Орхидеялар - 8,6 мың доллар (0,3%),Басқа кесілген гүлдер мен бүршіктер - 760 доллар (0,03%),Ранункулалар - 331,2 доллар (0,01%),Гладиоли - $110 (0,004%).

Соңғы жаңалықтар