Бүгін түскі сағат 12 шамасында Павлодар қаласының полициясына Б.Жырау көшесіндегі үйдің ауласында тұрған қоқыс жәшігінде нәрестенің өлі денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталаған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары басталды.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар адамды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.