• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Теннис 08 Наурыз, 2023

Жібек Құламбаева Астанадағы жарыстың ширек финалына шықты

218 рет
көрсетілді

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Астанада өтіп жатқан «ITF World Tennis Tour BeeTV 60 Women's» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жібек Құламбаева Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге жарыстың екінші ракеткалары болып тіркелген беларусьтік Ирина Шиманович - ресейлік Екатерина Яшиналармен шеберлік байқасты.

Жібек пен Мартина 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Олар жартылай финалға шығу үшін нидерландылықтар Жасмин Гимбрере - Бибиана Схуфспен таласады.

Гөзал Айнитдинова мен ресейлік Татьяна Прозорова доданың төртінші ракеткалары Моюке Учиджиме - Вонг Хонг Юға жол берді - 2:6, 6:7 (2:7).

Болашағынан мол үміт күттіретін Асылжан Арыстанбекова мен Айя Нұпбай ресейліктер Екатерина Макарова - Анастасия Захаровадан ұтылды. Есеп - 2:6, 3:6.