• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Наурыз, 2023

Павлодар облысында жел мектеп пен үйдің шатырын жұлып кетті

601 рет
көрсетілді

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

8 наурыз күнгі сағат 8:00-дегі жағдай бойынша, жылдамдығы 27 м/с дейінгі екпінді желдің салдарынан (Қазгидромет деректері бойынша) 2 елді мекендегі ғимараттың шатыры ұшып кеткен.

Сағат 4:15-те Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылындағы мектептің  шатырын жел ұшырып кеткен. 

Сағат 6:30-да Павлодар қаласы Катаев көшесі 18 мекенжайындағы 4 қабатты әкімшілік ғимараттың 1440 шаршы метр көлемінде  шатыры құлаған. 

«Бұнда шатырдың соңғы жөндеу жұмыстары 1980 жылы жүргізілген. 2022 жылғы жөндеу жұмысы аяқталмаған», деді департаменттегілер. 

Сонымен қатар қатты жел салдарынан 2 ауданда электр қуаты ажыратылып қалды.

Май ауданында 5 елді мекенде (Баскөл, Кентубек, Майтүбек, Ақжар және ішінара Көктөбе ауылдары) жарық өшті. Абоненттер саны нақтылануда. Апатты жоюға аудандық электр станциясының қызметкерлері (12 адам, 3 бірлік техника) жұмылдырылды.

Аққулы ауданында 16 елді мекенде (Бесқарағай, Жамбыл, Жаңатан, Айтей, Шарбақты, Тосағаш, Жабағылы, Қазы, Малыбай, Қазантай, Майқарағай Мерғалым, шақ, Шоқтал; ішінара Аққулы және Ямышево ауылдарында.) жарық өшті. Абоненттер саны нақтылануда. Апатты жоюға ЛРЭС (10 адам, 2 бірліктехника) жұмылдырылды.