Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 27 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
1 731 адам коронавирус инфекциясынан (–1 552 + және 179 КВИ-) ем қабылдап жатыр, олардың ішінде 135 пациент стационарда, 1 596 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 4 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.