• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Наурыз, 2023

Қостанайдың тарихи топографиялық картасы табылды

528 рет
көрсетілді

Зерттеуші Алмасбек Әбсадық Қостанайдың алғашқы тарихи топографиялық картасын тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол 1895 жылы Торғай облысы губернаторының бұйрығымен қағазға түсірілген. Картада қазірге дейін тұрған екі шіркеу сызылған. Ал ағайынды Яушевтар салған мешіт бейнеленбеген.

Картадан кірпіш зауытын, оқ-дәрі қоймасын және керосин қоймасын, Ордабайдың солтүстік жағындағы Лорец сыра қайнату зауытын, екінші жағындағы мал сою алаңын, Ивер монастырын, тері илеу зауытын көруге болады.

«Ордабай атауын қазіргі қала тұрғындары біле бермейді, ұмытылып кеткен. Карта бізге ұмытылып бара жатқан жер-су атауларын жаңғыртуға мүмкіндік береді. Ордабай атауы сол кездерде жиі аталған. Мәселен, Ыбырай Алтынсарин 1880 жылы жазған хатында Торғайдан Троицке немесе жаңа қала Ордабайға көшсем деген ойдамын деп жазады», дейді зерттеуші Алмасбек Әбсадық.

Тарихи карта Қостанай облысының өлкетану мұражайына тапсырылды.