• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 10 Наурыз, 2023

Биыл кәсіпкерлер 11 трлн теңгеден астам несие алды

261 рет
көрсетілді

Ұлттық банктің мәліметінше, жыл басынан бері кәсіпкерлерге берілген несие мөлшері өткен жылға қарағанда ұлғайған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда кәсіпкерлерге несие беру көлемі 11 трлн теңгеден асты. Ұлттық банктің мәліметінше, 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілерге 11,4 трлн теңге сомасында несие берілген. Бұл өткен жылдан қарағанда 35,7 пайызға немесе 3 трлн теңгеге артық. Оның ішінде ірі бизнеске 5 трлн теңгеден астам (2022 жылғы ақпанмен салыстырғанда 56,25 пайызға көп), ал шағын және орта бизнеске – 6,4 трлн теңге (23,07 пайызға артық) берілді.

Негізгі үлес өнеркәсіп саласына – 4,6 трлн теңге, сауда саласына – 2,3 трлн теңге және басқа салаларға – 2,5 трлн теңге несие берілген.