• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 11 Наурыз, 2023

Жангелді ауданының Шеген ауылында су деңгейі көтерілді

485 рет
көрсетілді

Жангелдин ауданында қар күрт ерігеннен, су деңгейі көтеріліп аудан маңындағы ауылдарға жете бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті жерде төтенше жағдайлар департаментінің, өрт сөндіру бөлімінің және әкімдіктің қызметкерлері жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Жангелді ауданының әкімі Шота Оспанов ауылдағы жағдай туралы    инстаграм парақшасында жазды.

«Жангелдин ауданының Шеген ауылында қардың күрт еруіне байланысты ауыл ортасына судың мол жиналғаны анықталып, 2023 жылдың 11 наурыз күні аудан әкімінің орынбасары А.Талпақов бастаған Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаментінен ауданға көмекке келген жұмыс тобы, Жангелдин ауданының өрт сөндіру бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі және жергілікті атқару орган қызметкерлері жедел түрде жетіп, жиналған суды басқа бағытқа ағызу жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 50 адам, 2 вахталық камаз, 5 техника, 6 мотопомпа жұмылдырылды. Зардап шеккен үйлер жоқ. Тұрғындардың өміріне, тұрмыстық жағдайына қауіп төнбеді», деп жазды ол.