• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Теннис 12 Наурыз, 2023

Қазақстандық теннисші Ариана Гогулина чемпион атанды

468 рет
көрсетілді

14 жастағы қазақстандық теннисші Ариана Гогулина ITF Juniors World Tennis Tour жасөспірімдер әлемдік теннис турында сәтті ойын көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана Ұлттық теннис орталығының тәрбиеленушісі алдымен жеке разрядқа, содан кейін жұптық разрядқа қатысты. Теннисші бірінші ойында Үндістаннан келген қарсыласын 6:2 есебімен ұтты.  Қарсыласы екінші партиядан бас тартты.

Екінші айналымда Ариана Альбина Какеновамен жұптасып ойнады. Қарсыластары Сатима Төреген мен Анастасия Крымкова болды. Ариана мен Альбина басым түсіп, 6:1, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Ариана ойында өзін жақсы көрсетіп, көзге түсті.

Спортшының жаттықтырушысы Мукам Эрматов оның толық формада емес екенін атап өтті.

«Қазірдің өзінде Ариана -  ересектер арасындағы теннистен Қазақстан чемпионы. Оның халықаралық мансабы әлі алда», деді ол.

Соңғы жаңалықтар