Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты 2023 жылдың 1-сәуірінен кешіктірмей төлеу керегін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz Кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталында орналыстырылған салық калькуляторының көмегімен немесе «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында дербес есептеуге болады.
Сонымен бірге салық органдарымен есептелген алдағы төленетін көлік құралдарына салынатын салықтың сомалары «Каспий банк» АҚ мобильді қосымшаның пайдаланушыларына PUSH-хабарлама түрінде наурыз айында жіберілетін болады.
Есептелген салық сомаларын «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Электронды сервистер»→«ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу қызметі» сервисінде, сондай-ақ «Каспий банк» АҚ мобильді қосымшасында көруге болады.