• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Наурыз, 2023

«Қазақмыста» төбелес шығарған күдіктілер анықталды

798 рет
көрсетілді

Ұлытау облысы ПД қызметкерлері әлеуметтік желіге жарияланған бейнежазба бойынша бұзақылық жасаған 25 және 45 жастағы екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдіктілер «Қазақмыс корпорациясы» АҚ «Жомарт» кенішінің қызметкерлері  болып шықты. Олар жұмыс орнында болған кезде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, басқа әріптестеріне құрметсіздік танытып, жанжал туғызды.

Осылайша, күдікті адамдар аталған ұйымның қалыпты қызметін бұзды. Тергеу барысында жанжалдың куәгерлері анықталды.

Облыс сотының шешімімен күдіктілерге қатысты  қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.