• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Наурыз, 2023

Тасқынға тосқын қойылды

334 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысы, Темір ауданындағы Шұбарқұдық елді мекенінде су деңгейі көтеріле бастаған. Жергілікті әкімдік жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімі Қайрат Нұралы Шұбарқұдық кентінде қатты жауын-шашын мен ауа райының күрт жылыну салдарынан су басқан елдімекендегі жағдайды баяндады. 

Қазіргі таңда кіреберісте асфальт жолынынан асып аққан сулар тоқтатылған. Сонымен қатар жол компаниясының мердігерлерімен ФБС 80 шебень материалдары қазылып қалған орындарға төселуде.

«Толасыз жаңбыр жауып, артынша қар ери бастаған соң су деңгейі көтеріліп, көшелерді су басты. Ауылдың кіреберісін де бірталай су басып қалды. Тиісті шараларды қабылдап жатырмыз. Қазір жағдай қалыпты», деді әкім.