• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 12 Наурыз, 2023

Қаржы институттарының қауқары

281 рет
көрсетілді

Дүние жүзіндегі геосаяси белгісіздік пен шиеленіс жағдайында кез келген мемлекеттің қаржы жүйесінің тұрақтылығы сыналады. Бұл ретте қаржы жүйесінің басты тірегі – банк секторы екені де белгілі. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның банк секторы тұрақтылық пен тиімділік көрсетіп отыр. Бұған пруденциалдық нормативтердің жоғары көрсеткіштері дәлел.

2023 жылдың басындағы жағдай бойын­ша банк секторында жеткілікті капитал қо­ры бар. Негізгі капитал жеткіліктілігінің коэф­­фициенті (k1) 18,54%-ды, меншікті ка­пи­тал­дың жеткіліктілік коэффициенті (k2) 21,70%-ды құрады. Бұл жүйе бойынша орта есеп­пен заңнамада белгіленген нормалардан айтар­лық­тай асып түседі және банктерге ықтимал тәуекелдерді жабуға мүмкіндік береді.

«Ranking» талдауы бойынша, егер ірі екін­ші деңгейлі банктерді қарастыратын болсақ, пруденциалдық нормативтер талаптарын орындамаған бұрынғы Сбербанк, қа­зіргі Bereke Bank-тен басқа банктердің бар­лы­ғын­да меншікті капиталдың жеткі­лік­тілігі жоғары коэффициенттерге ие. Соның ішінде ең жоғары көрсеткіш – Jusan Bank-те. Банктің негізгі капиталының жет­кіл­іктілік коэф­фициенті (k1) – 29,9%, бұл 7,5%-дық нормативтік нормативтен 4 есе жоғары. Бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k1-2) – 29,9%, бұл 8,5% нормативтік талаптан 3,5 есе жоғары. Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k2) – 47,4%, бұл 10% нормативтік нормативтен 4,7 есе жоғары.

«Сонымен қатар банктің меншікті ка­пи­талы­ның жеткіліктілік деңгейі банк жү­йесіндегі мен­шікті капитал жеткіліктілігінің орташа көрсеткіштерінен айтарлықтай асып түседі. Бұл ретте Jusan Bank өтімділік көр­се­т­кіш­тері де белгіленген ең төменгі мәндерден бір­неше есе жоғары. Жетекші және жоғары құндылықтар банктің қаржылық тұрақтылығы мен сенімділігін растайды. Капиталдың жеткі­ліктілігі бойынша екінші орында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын мем­лекеттік банк – «Отбасы банк» иеленді: мен­шікті капиталдың жеткіліктілігінің k1, k1-2 және k2 коэффициенттері мұнда 28,7%-ды құ­рады. Бұл мәндер де елдің қаржылық рет­теу­шісі белгілеген нормативтік мәндерден бірнеше есе жоғары», деп атап көрсетеді шолушылар.

Одан бөлек, үздік бестікке мына қаржы институттары кіреді.

ForteBank: k1 – 19,6%, k1-2 – 19,6%, k2 – 20,2%; Halyk Bank: k1 – 18,5%, k1-2 – 18,5%, k2 – 18,9%; Home Credit Bank: k1 — 18,2%, k1-2 – 18,2%, k2 – 18,2%.

2023 жылдың басындағы жағдай бойынша банктердің нормативтік меншікті капиталы 6 трлн теңгеге жақындады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,7%-ға артық. Көрсеткіш жылдан-жылға тұрақты өсіп келеді.

Нормативтік меншікті капиталдың ең көп мөлшері Halyk Bank-те (1,9 трлн теңге), Jusan Bank-те (751,5 млрд теңге) және Kaspi Bank-те (571,4 млрд теңге).

Айта кетейік, өтімділік көрсеткіштері мен капитал молдығы банктің қаржылық тұрақтылығын және клиенттер алдында сенімді екенін айғақтайды. Мұндай жоғары мәнге ие қаржы ұйымдары өз міндеттемесін толығымен орындай алады және салымшылар үшін де тәуекел тудырмайды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің хабарлауынша, 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша банк секторының активтері биыл қаңтарда 1,2%-ға немесе 0,5 трлн теңгеге азайып, 44,0 трлн теңгені құрады. 2023 жылғы қаңтарда активтердің төмендеуіне өтімді активтердің 2,0%-ға немесе 381 млрд теңгеге азаюы әсер етті. Өтімділігі жоғары активтер 13,8 трлн теңгені немесе активтердің 31,3%-ын құраған, бұл банктерге клиенттер алдындағы өз мін­дет­те­мелеріне то­лық көлемде қызмет көр­се­ту­ге мүмкіндік береді.

«Экономикаға несие 2023 жылғы қаң­тар­да корпоративтік сектордағы несие белсенділігінің маусымдық баяулауы және қолданыстағы қарыздарды жоспарлы өтеу, сондай-ақ теңгенің долларға қатысты шамалы нығаюы (0,5%-ға) аясында валюталық несие портфелін қайта бағалау нәтижесінде 0,2%-ға, 22,8 трлн теңгеге дейін төмендеді. Ұлттық валютадағы кредит 0,04%-ға, 21,0 трлн теңгеге дейін, шетел валютасындағы кредит 1,6%-ға, 1,8 трлн теңгеге дейін төмендеді. ШОБ субъектілеріне қарыздар 2,0%-ға, 5,9 трлн теңгеге дейін, ірі бизнеске қарыздар 0,2%-ға, 3,6 трлн теңгеге дейін төмендеді», делінеді Агенттік хабарламасында.

Жеке тұлғаға берілген несие биыл қаң­тар­да 0,7 пайызға көбейіп, жалпы көлемі 14,3 трлн теңгеге жеткен. Бұған ипотекалық несие мен (4,8 трлн теңге) мен тұтынушылық қарыз (7,7 трлн теңге) үлкен үлес қосқан. Жалпы, банк секторы бойынша төленбегеніне 90 күннен асқан несие (NPL90+) көлемі бүкіл несие портфелінің 3,4 пайызын құрап, 824 млрд теңге болды. Айта кетейік, дәл осы NPL90+ көлемінің артуына байланысты мемлекет жеке тұлға банкроттығын қолға алып жатыр. Банкроттыққа өтінім беру 3 наурызда басталды. Банкроттық шарасының үш түрлі тәсілі бар. Біз оны алдыңғы нөмірлерімізде егжей-тегжейлі жазған едік.

Банктердің меншік капиталы 2023 жылғы қаңтар айында 3,3%-ға, 5,4 трлн теңгеге дейін өскен. Сектордың міндеттемесі 2023 жылғы қаңтарда заңды тұлғалар салымдарының 2,1%-ға, 14,4 трлн теңгеге дейін (міндеттемелер құ­рылымындағы үлесі 37,2%) төмендеуі нә­ти­жесінде 1,8%-ға, 38,6 трлн теңгеге дейін тө­мендеген.

2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар. Оның ішінде 12-сі – шетел қатысатын банк, оның ішінде 9-ы – еншілес банк.