• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Сайлау 13 Наурыз, 2023

Оңтүстік өңірлердің алдағы сайлауға дайындығы тексерілді

174 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарына сайлауды әзірлеу мен өткізу шеңберінде өңірлерге инспекциялық сапарларын жалғастырды. Іссапарға Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман және ОСК аппаратының жауапты қызметкерлері де қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрлан Әбдіров өзінің кіріспе сөзінде ағымдағы сайлау науқанының маңыздылығын атап өтіп, сайлау заңнамасының жаңалықтарына және бірмандаттық аумақтық сайлау округтері мен саяси партиялардан кандидаттарды ұсыну және тіркеу кезеңдерінің негізгі қорытындыларына егжей-тегжейлі тоқталып өтті.

Сайлау өткізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыстық әкімдіктің басшылығы, прокуратураның, полицияның, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері және аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы баяндады.

Нұрлан Әбдіров комиссия мүшелерінің назарын дауыс беру күні сайлау учаскелеріндегі мінез-құлық ережелерін міндетті түрде білуге аударды және сайлау процесінің барлық қатысушылары, соның ішінде байқаушылар, кандидаттардың сенім білдірілген адамдары және БАҚ дауыс беруге арналған үй-жайға келген сәттен бастап осы ережелердің мазмұнымен міндетті түрде танысуға тиіс екенін атап өтті.

Кеңес барысында облыс әкімінің аппарат басшысы Шахмардан Байманов өңірде 486 002 азамат сайлаушылар тізіміне енгізілгенін атап өтті. Ол сондай-ақ облыста мүгедектігі бар 20 324 сайлаушы бар екенін хабарлады. 

«Олар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Мәселен, 373 сайлау учаскесінің 368-і республикалық интерактивті қолжетімді картасына енгізілген», деді әкім.