• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 13 Наурыз, 2023

Президент сайлаудан кейін тың бастамаларын жариялайды

257 рет
көрсетілді

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңес барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тұрақтылық бар жерде ғана даму, өркендеу болады. Ел бірлігі – реформаларды табысты жүзеге асырудың басты кепілі. Сондықтан ырысты ынтымақпен білек сыбана жұмыс істеуіміз қажет», деп атап өтті Президент. 

Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетті жан-жақты жаңғыртуға бағытталған жұмыс болашақта да жалғасын табатынын айтты.

«Осы орайда мен бірқатар тың бастамаларды ойластырып жатырмын. Оны сайлаудан кейін жария етемін», деді Мемлекет басшысы.