• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 13 Наурыз, 2023

Қоғамдық тәртіпті бұзуға үгіттеген адамдар қатаң жазаланады

253 рет
көрсетілді

Елге іріткі салып, қоғамдық тәртіпті бұзуға үгіттеген адамдар қатаң жазаланады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Премьер-министрдің, мемлекеттік органдар басшыларының, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің қатысуымен өткізген кеңесінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біздің нақты жоспарымыз бар, бағыт-бағдарымыз айқын. Ең алдымен, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға баса мән беруіміз керек. Мемлекет бұған бар күш-жігерін жұмылдыруға тиіс. Жалпы, күнделікті атқарылатын жұмыс аз емес. Көктем келгенде жер жырту, егін егу сияқты түрлі науқан басталады. Қауіпсіздік, денсаулық сақтау, білім беру, қаржы саласындағы тұрақтылық, мұның бәрі – өзекті мәселе. Басқа да маңызды шаруалар бар», деді ел Президенті.

Мемлекет басшысының айтуынша, азаматтарымыз елде оң өзгеріс болып жатқанын үнемі сезінуі қажет. Ол үшін игі бастамалардың мән-маңызын халыққа ұдайы айтып отырған жөн. Тұрақсыздыққа апаратын әрекеттерге жол бермеуіміз тиіс.

«Мұндай заңсыз әрекеттердің алдын алу қажет. Елге іріткі салып, қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған адамдар қатаң жазаланады. Арандатуға қарсы күрес заң аясында, жедел әрі жүйелі түрде жүргізілуі керек», деп атап өтті Қ.Тоқаев. 

Сонымен қатар Президент тиісті заңдар қатаң сақталуы керек екендігін де айтты. Әйтпесе әрекетсіздіктің салдары еліміз үшін өте қауіпті болуы мүмкін. Бізге, ең алдымен, заң үстемдігі аса қажет. Заң сақталса және азаматтық жауапкершілік жоғары болса, қоғамда тәртіп болатынын қоса айтты.