• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Наурыз, 2023

Бельгияда өтетін турнирде ел намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды

160 рет
көрсетілді

Таеквондодан Қазақстан құрамасы 17-19 наурыз аралығында Бельгияның Ломмел қаласында өтетін Belgian Open G2 халықаралық турниріне қатысады, деп  хабарлайды Egemen.kz  Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байрақты бәсекеде ел намысын 21 спортшы қорғайды.

Ерлер – Әділет Базарбаев, Нұрбек Газез, Жавохирхон Исламов, Мақсат Орынбасар, Елдос Ысқақ, Абдурахмон Марипов, Бекжан Нүснәлім, Рахым Әділханов, Руслан Жапаров, Самирхон Абабакиров, Эльдар Бірімбай, Смайыл Дүйсебай, Әлібек Ермекбай.

Әйелдер – Рита Бакишева, Ботакөз Қапанова, Азиза Караджанова, Камила Аймұқашева, Мария Севостьянова, Нұрай Хусайнова, Айдана Құмартаева, Назым Махмутова.