28 жастағы азамат тұрғын үйді жалға алып, заңсыз казино ашқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақтөбенің 28 жастағы тұрғыны жеке үйді жалға алып, сол жерде казино ұйымдастырған. Заңсыз ойын мекемесі бір ай жұмыс істеген.
Айыпталушы заңсыз ойын ұйымдастырғанын мойындады. Сот айыпталушыға 3 миллион 63 мың теңге көлемінде айыппұл салуға үкім шығарды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда казино мен ойын автоматтары тек арнайы белгіленген орындарда жұмыс істей алады.