• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Маусым, 2014

Ел экономикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі жоғары болуы тиіс

222 рет
көрсетілді

АСТАНА. 26 маусым. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жалпы ішкі өнімнің артуына шағын және орта бизнестің қосар үлесін 2030 жылға қарай 40 пайызға жеткізуге көмек көрсетуге ниетті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. Хабарламада көрсетілгендей, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ел халқының 30 пайыздан кем емес бөлігінен мықты орташа класс қалыптастыру арқылы 2030 жылға қарай жалпы ішкі өнімге шағын және орта бизнестің қосар үлесін 40 пайыздық деңгейге жеткізуге күш салмақ. Сондай-ақ, аталған палата 2017 жылға қарай кәсіпкерлік бастама өсімін қалыптастырып, күш пен инвестицияларды отандық экономиканы өркендетуге бағыттауды жоспарлауда. Жолдыбай Базар. Дереккөз: primeminister.kz. Фото: ortcom.kz.