• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
26 Маусым, 2014

Еліміз электрондық үкіметті дамытуда әлем бойынша 28-орынды иеленді

253 рет
көрсетілді

АСТАНА. 26 маусым. Біріккен Ұлттар Ұйымының электрондық үкіметті дамыту жөніндегі рейтингісінде еліміз 193 мемлекеттің арасынан 28-ші сатыға жайғасты. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. Бұған дейін біздің ел аталған рейтинг бойынша 38-ші орында тұрған еді. Хабарламада көрсетілгендей, бүгінгі күні республика тұрғындарының компьютерлік сауаттылық көрсеткіші 63,2 пайызды құраса, кең жолақты интернетке қолжетімділік деңгейі 67,6 пайызға өскен. Соңғы деректерге қарағанда, тұрғындар электрондық үкімет порталы арқылы 570 қызмет пен сервистерді пайдалана алады. Бұған қоса, күн сайын үкімет порталына орташа есеппен 43 мың қолданушы кіреді. Тағы бір айта кетер жәйт, қазіргі таңда электрондық үкіметті дамытудың кезекті кезеңін іске асыру мақсатында қызметтер мен сервистерді мобильді құрылғылар арқылы алуға мүмкіндік беретін мобильді үкіметті енгізу жұмыстары жүргізілуде. Жолдыбай Базар. Дереккөз: primeminister.kz. Фото: ortcom.kz.