Атыраулық полицейлер есірткі жасырған 17 жастағы күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
2006 жылы туған күдікті аса ірі көлемдегі есірткі заттарын жасырып тығу әдісі арқылы сатқан.
Нәтижесінде жеткіншектен 26 гр синтетикалық есірткі тәркіленді.
Аталған дерекке қатысты ҚК 297-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.