Ішкі істер министрлігі республика аумағында 11 адамнан тұратын қылмыстық топтың жолын кесті. Олар Kyzdar.Net интернет-сайты арқылы онлайн жеңгетайлықпен айналысқан және күн сайын 2 млн теңгеге дейін пайда түсіріп отырған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қылмыстық топқа қатысушылардың жалпы ақша айналымы 8 млрд теңгені құрайды. Сайтқа жыныстық сипаттағы 6 мыңға жуық хабарландыру салынған. Сауалнамалар бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 150 адам анықталып, олардан жауап алынды, олар сайттың топ-менеджерлеріне жүйелі түрде ақша аударып отырғандарын растады.
Сараптама негізінде сайттағы материалдар порнографиялық сипаттағы туындыға жататыны анықталды, сондай-ақ ақылы жыныстық қызметтерді іздеп, пайдалануға арналған. Астана, Алматы, Павлодар қалаларында жүргізілген тінту шараларының нәтижесі бойынша 23 млн теңгеден астам ақша, оның ішінде криптовалюта, автомашиналар, компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да цифрлық тасымалдағыштар тәркіленіп алынды. Сот компьютерлік-техникалық сараптама тағайындалды.
Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің «Жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық» деген 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазір мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, пайдаланушылардың веб-сайтқа қол жетімділігін бұғаттау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.