Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Шавкат Рахмоновты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шавкат Рахмонов жақында Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 285 аралас жекпе-жек бәсекесінде жеңіске жеткен еді. Чемпионмен Асхат Оралов жеке кездесті. Министр боксшының дайындығына қаржы бөлінетінін айтты.
«Бүгін Қазақстан спортының жарқын жұлдыздарының бірі - Шавкат Рахмоновпен жеке кездестім. Біздің жаужүрек спортшымыз бірінен соң бірі жеңіске жетіп, UFC-ді батыл қадамдарымен бағындырып, отандастарының жүрегіне мақтаныш сезімін сыйлап келеді. Мен Шавкатты жақында америкалық Джефф Нилмен болған жекпе-жекте жеңісімен тағы да құттықтадым және оған алғыс хат табыстадым. Сондай-ақ ол келесі жекпе-жектерге дайындалу үшін спортты қолдау қорынан қаржыландырылады. Шавкат бүкіл әлемге Қазақстанды паш етті және осы қадамы үшін біз оған айрықша алғысымызды жеткіземіз. Оның UFC чемпиондық белбеуін жеңіп алуына тілектеспін, толағай табыс тілеймін», деп жазды Мәдениет және спорт министрі.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов Джефф Нилді жеңгеннен кейін UFC турнирінде рекордтық жетістікке жетті.