• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 16 Наурыз, 2023

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір жыл ішінде 15% өсті

353 рет
көрсетілді

Сенатор Шәкәрім Бұқтұғұтов мемлекеттік қарыз мөлшерінің өсіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, 2022 жылдың 1 қаңтарында мемлекеттік қарыз мөлшері 21,9 трлн теңгені құрады, ал бір жылдан кейін бұл көрсеткіш 25,3 трлн теңгеге дейін өсті. Сонымен қатар 2050 жылға қарай Үкімет қарызының ЖІӨ-ге 45%-ға дейін өсуі болжанып отыр.

Сенатор бұл үрдіс депутаттардың алаңдаушылығын тудыратынын атап өтті.

«Сонымен қатар бізде ішкі қаржыландыру көздері бар – зейнетақы қорында шамамен 15 трлн теңге, екінші деңгейдегі банктерде 14 трлн теңге, сондай-ақ Ұлттық қордың қаржысы бар. Негізінен ішкі көздерден қарыз алғанына қарамастан, қарыздарды өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығыстардың 1,5 есе өскені байқалады, олар 2023 жылы жалпы шығыстар көлемінің 20,5%-ын құрап отыр», деді Шәкәрім Бұқтұғұтов.

Сенатор осыған байланысты Қазақстанның сыртқы қарыздары бойынша толыққанды аудит жүргізу және салынған қаржының экономикалық тиімділігі жөнінде Жоғары аудиторлық палатаға сұрақтар қойды.