Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистер сұрағына жауап берді. Брифинг барысында спортшы ең үздік 5 файтерді атады, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
«Бірінші орынға Джон Джонсты қоямын. Одан кейін Андерсон Сильва. Деметриус Джонсон, Хабиб Нурмагомедов және Джордж Сен-Пьер», деді Ш.Рахмонов.
Айта кетейік, 5 наурызда Лас-Вегаста өткен жекпе-жегінде Шавкат Рахмонов америкалық Джефф Нилды үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді.