Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған «Кулие» резиденциясында қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барғанын айта кету керек.