Қазіргі уақытта Авиатор шағын ауданында, Береке тұрғын үй алабында және Домбыра бау-бақша ұжымында жағдай тұрақты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған учаскелерді еріген қар суы басқаны байқалған еді. Арнайы органдар қабылдаған жедел шаралар нәтижесінде үйлерді су басу қаупі барынша азайтылды.
Өңір әкімі Ералы Тоғжанов жағдайды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ облыс әкімі Сазды су қоймасына барды. Мамандар қазіргі жағдай туралы баяндап, су қоймасы штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.