• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 17 Наурыз, 2023

Қазақстандықтар мемлекеттен 10 пайыздық өтемақы ала бастады

413 рет
көрсетілді

Қазақстандықтар теңгедегі депозиттері бойынша мемлекеттен 10 пайыздық өтемақы ала бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өтемақы төлеу рәсімінің аяқталып келе жатқанын қуана хабарлаймыз. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 15 наурызда банктерден салымшылардың ақтық тізілімін алып, оларды операторға жолдады. Жақын күндері банктер төлемдерді толық көлемде аяқтайды»,  деді ҚДКБҚ төрағасының орынбасары Алмас Құдайбергенов.

«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ мен «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ ақшаларды банктерге аударған. Аударылған қаражаттардың жалпы сомасы - 306,6 миллиард теңге. Ал мемлекет тарапынан 10 пайыздық өтемақыны алатын салымшылар саны - 2 миллион 615 мың 772 адам.

Қағидаға сәйкес, екінші деңгейлі банктер екі жұмыс күні ішінде тиесілі өтемақыға өтініш берген депозиторлардың шоттарына аударады.

Еске салайық, теңгелік депозиттер бойынша 10 пайыздық сыйлықақы Қаржы министрлігі мен Қазақстанның Ұлттық банкінің қаражаттары есебінен төленеді. Банктер сыйлықақы төлеуге өтініштерді бес ай бойы – 2022 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы ақпанға дейін қабылдады. Өтініштерді қабылдау биыл 10 ақпанда аяқталды.

Кейбір банктер хабарлама жіберіп жатыр.