Бүгін елорданың барлық білім беру ұйымында елорда уақыты бойынша сағат 12:00-де Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен «Күй күмбірі» атты домбырашылар челленджі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Білім алушылардың рухани мәдениетін, эстетикалық, патриоттық рухын арттыру, елдің мәдени мұрасын сақтау, балалардың домбырада орындау өнерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған челленджге қаланың 127 білім беру мекемесінен, 3000-нан аса домбырашы қатысты.
Астаналық челлендж қатысушылары Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады.