Астана полицейлері Теміртау тұрғынынан 3 келі гашиш тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорданың ҰҚҚКБ қызметкерлері патрульдік полициямен бірлесіп, Мәңгілік Ел даңғылы бойындағы көлік тұрағынан 51 жастағы Теміртау тұрғынын тексерген. Тінту кезінде рюкзактан жалпы салмағы 2,918 келі болатын сұр-жасыл түсті зат салынған полиэтилен пакеті табылған.
Тәркіленген есірткі затының гашиш екендігі анықталған.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам УҰИ-ға қамалды.