• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Наурыз, 2023

Жетісу облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

213 рет
көрсетілді

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Жетісуда бірқатар жол апаты орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы екі жол апаты Ақсу ауданындағы Сағабүйен ауылының маңында тіркелді.

«Елдімекеннен шыққан кезде Mitsubishi Lancer автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік көпірден аударылып кетті. Жол апатынан екі адам зардап шекті. Сондай-ақ Алматы-Өскемен тас жолының 361-ші шақырымында (Сағабүйенде) CHERY кроссовері КамАЗ-бен соқтығысқан. Оқиға орнында 3 адам қайтыс болды, олардың арасында сәби де бар», деп хабарлады Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі.

Одан бөлек тағы екі зардап шеккен адам ауруханаға түрлі жарақаттарымен жатқызылды.