Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат спикері Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
Аталған сайлау учаскесі жұмысын таңғы сағат 07:00-де бастады және онда 2744 дауыс беруші тіркелген.
Айта кетсек, Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, бұл күні 12 млн-ға жуық азамат таңдау жасайды.
Бұған дейін аталған сайлау учаскесінде Премьер-министр Әлихан Смайылов дауыс берген еді.
Одан бөлек, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин де №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.