• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Маусым, 2014

Астанада «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының алғашқы форумы өтеді

399 рет
көрсетілді

АСТАНА. 27 маусым. Мемлекет басшысының қолдауымен 2013 жылдың желтоқсанында құрылған «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы өзінің алғашқы форумын 28 маусымда елордада өткізеді. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады. «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Данат Жұминнің айтуынша, аталған қозғалыс жұмысын бастағалы бері 9 жобаны қолға алған. Сондай-ақ, жылдың соңына дейін тағы да 5 жобаны жүзеге асыру жоспарда тұр. Соның бірі ретінде «Зияткер ұрпақ» деп аталатын бағдарламаны айтуға болады. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – ауыл мен қала оқушыларының білім деңгейін теңестіру. Сондай-ақ, таяу арада бұл ұйым «Аймақ-2050» жобасын іске қосуды көздеп отыр. Қазіргі таңда қозғалыстың құрамында 3 мыңдай белсенді бар. Бұлардың арасындағы білікті мамандар ауылдардағы жеткіншектерге ақыл-кеңестерін айтады. 28 маусым күні өтетін «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы форумына 400-ден астам адам қатысады деп күтілуде. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «Хабар» телеарнасы. Фото: Old.24.kz.