• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Наурыз, 2023

Атырау облысында зағип жан сайлау учаскесінде дауыс берді

148 рет
көрсетілді

Атырау облысында көзі көрмейтін Дүйсәлі Қалдыбай сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласында тұрады. Көзі көрмесе де өмірге құштарлығын жоймаған. Үнемі белсенді болып жүреді.

Түрлі сайыстарға қатысып, көркемсөз оқудың шебері атанған зағип жан сайлауда да белсенділігін танытты. Бүгін ол Құлсары қаласындағы №97 сайлау учаскесіне таңғы сағат 7:00-де келіп, дауыс берді.

Оны сайлау учаскесіне ұлы алып келген. Учаскелік сайлау комиссиясы алғашқы болып дауыс берген Дүйсәлі Қалдыбайға арнайы сыйлық ұсынды.