• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
28 Маусым, 2014

Сарапшылық-консультативтік кеңестің бірінші мәжілісі

197 рет
көрсетілді

Кеше Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаевтың қатысуымен «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Сарапшылық-консультативтік кеңесінің бірінші мәжілісі болып өтті. Мәжіліс жұмысына «Қа­зақ­стан» РТРК» АҚ басқар­масы­ның төрайымы Нұржан Мұха­мед­жанова, Халықаралық телерадиотарату қауымдастығының бас директоры Саймон Спэнсвик, «Радио России» мемлекеттік радиотарату компаниясының директоры Вячеслав Умановский және ВВС Advertising өңірлік өкілдігінің басшысы Сергей Становкин қатысты. Кеңес мәжілісінің барысында медиа және коммуникация са­ла­сындағы көкейкесті мәселелер қа­рас­тырылды. Сондай-ақ, Кеңес мүшелерімен одан әрі қарайғы өзара іс-қи­мыл­дың пішіндері, атап айтқанда, «Қазақстан» РТРК» АҚ-тың медиа-активтерін басқару, техникалық және ақпараттық жаңғырту салалары, «Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды.