Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,15 теңгеге қымбаттап, 462,36 теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақыты бойынша сағат 12:00-де төмендеп, 66,71 теңгені (-0,52) құрады.
Еуро бағамын Ұлттық банк белгілеген – 490,51 теңге, рубль – 6,02 теңге.
Ақша айырбастау орындарында доллар 461 – 465 теңгеден, еуро – 494 – 501 теңгеден, ресей рублі – 5,75 – 6 теңгеден сатылып жатыр.
Brent маркалы мұнай барреліне 2021 жылдың 20 желтоқсанынан бері алғаш рет 71 доллардан төмендеді. Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің бағасы 3,18%-ға, барреліне $70,65-ке дейін, WTI мамырдағы фьючерстері 3,14%-ға, $64,83-ке дейін төмендеді.