• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Маусым, 2014

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі

243 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы 1. Бұқаралық ақпарат құралдарының елдің экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғыруын ақпа­раттық қамтамасыз етудегі зор рөлін ескере оты­рып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Прези­дентінің бұқаралық ақпарат құралдары сала­сындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарай келіп: Қазақстан Республикасы Президентінің бұ­қа­ра­лық ақпарат құралдары саласындағы сый­лықтары берілсін: Срайыл Смайылға – «Жас қазақ» газетінің бас редакторына – отандық журналистиканы және ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін; Лев Юрьевич Тараковқа – «Время» қо­ғам­дық-саяси газетінің бас редакторына – тәуелсіз Қа­зақстанның ақпараттық кеңістігін дамытуға бағыт­талған белсенді қызметі үшін; Қазақстан Республикасы Президентінің бұқа­ра­лық ақпарат құралдары саласындағы гранттары тапсырылсын: Ярослав Юрьевич Красиенкоға – «КТК» телеарнасының Астанадағы тілшілер бюросының жетекшісіне – елдегі экономикалық, әлеуметтік және саяси реформалар барысын белсенді түрде жа­риялап-көрсеткені үшін; Жайнагүл Ұзақбайқызы Төлемісоваға – «Қазақстан» ұлттық телеарнасының тілшісіне – Қазақстан Республикасы Президентінің қызметі аясында елдің сыртқы және ішкі саясатын ақпараттық тұрғыдан жариялап, көрсеткені үшін; Қазақстан Республикасы Президентінің бұқа­ра­лық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы жа­риялансын: «Айғақ» телерадиокомпаниясының шы­ғар­машылық ұжымына – өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан үлесі, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды кеңінен жариялап-көрсеткені үшін; «Қазконтент» акционерлік қоғамының шы­ғар­машылық ұжымына – ұлттық контентті қалып­тастырып, ілгерілеткені, Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамытқаны үшін; «Коре ильбо» газетінің шығармашылық ұжымына – Қазақстан халқының ұлтаралық келі­сімін, ұлттық бірлігін нығайтуға қосқан үлесі үшін; «Мир» мемлекетаралық телера­дио­ком­пания­сының Қазақстан Республикасындағы ұлттық филиалының шығармашылық ұжымына – мемлекетаралық бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан үлесі үшін. 2. Осы Өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.  Астана, Ақорда, 2014 жылғы 26 маусым.  №300